Құрбан айт - қайырымдылық мерекесі

Құрбан айт - қайырымдылық мерекесі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2021 жылғы діни күндер күнтізбесін бекітті. Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалады. Биылғы жылғы құрбан айт мерекесі шілде айының 20-21-22-ші жұлдызына сай келеді. Осыған орай, бұл мереке күндеріне дайындалғанымыздай рухани тұрғыдан да дайындалғанымыз абзал. Яғни, бұл ұлы мереке күндеріне жуынып шайынып тырнақ шаштарымызды алып дайындағанымыздай рухани жүрек тазалығымызды да жасағанымыз дұрыс. Бұл Құрбан айт туралы ұлық Құран Кәрімде Алла Тағала «Кәусар» сүресінде былай деп айтқан:

«Расында Біз саған Кәусарды бердік, сондықтан өзіңнің Раббың үшін намаз (Айт)  оқып, құрбан шал!»

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) күйеу баласы Али (р.а) Алла Елшісінің айт күні бірнеше ірі қара малдарды құрбандыққа шалғандығы туралы айтып жеткізеді. Сондықтан, құрбан шалу жағдайы бар мүмкіншілігі бар адамдар үшін, нақтырақ айтқанда, зекет беретін адамдарменен бір қой сатып алуға шамасы бар адамдар үшін құрбан шалу міндет.

Осы орайда Елімізде болып жатқан құрғақшылықпен мал қырылу жағдайына байланысты құрбан шалу күні құрбан малынан қалған бас-сирақ, ішек-қарындарды ысырап етпей шектен шықпауға шақырамыз. Себебі, Алла Тағала ысырап қылушыларды жақсы көрмейді. Ал егер кім ысырап ететін болса, Алла Тағала ол адамның мал дүниесін тарылтып қояды. Сондықтан, ысырапқа жол бермеу үшін сойылған малдың желінетін бөліктерін ысырап қылмай, керісінше оны пайдалануымыз керек.

Еліміздегі пандемиялық жағдайға байланысты Айт намазды оқу санитарлық талаптарды сақтаумен қадағаланады.

Еліміз аман жұртымыз тыныш болып, қазақтың басынан  мерекелі берекелі күндер кетпесін!

Орынбайұлы Орынбасар қажы

Тараз қалалық орталық

«Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: