Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы құптан намазына келген жамағатқа «Дінаралық қатынастың қоғамдағы маңыздылығы» тақырыбы аясында уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.
Аудан имамы өз сөзінде мемлекеттік-конфессиялық қатынастар көп ғасырлар бойы кез келген қоғамдағы қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып келетіндігін айтты. Конфессиялық қатынастар – мемлекеттің институционалдық діни бірлестіктердің өзара байланысының тарихи тұрғыдан қалыптасып келе жатқандығын, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының бір қырын құрайтындығын жеткізді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі