Жамбыл ауданы «Жастар орталығында» жастармен кездескен аудан имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы «Ер жігіттің отбасындағы және қоғамдағы орны» тақырыбы аясында дөңгелек үстел өткізді. Тікелей эфирде қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз-өзін қоғамдық ортада және отбасында қалай ұстау керектігін айтты.
"Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады" - деді аудан бас имамы өз сөзінде.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі