Ауданның бас имамы Рамиз қажы Азизов Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты Көкбастау ауылдық "Қалмұрат Баба" мешітінің құрылысын бақылап, жүріп жатқан жұмыстарға бағасын берді.
Бұл сапарда жаңа мешіттің, имам үйінің, медресенің және мешіт дүкенінің құрылысы талқылады.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің тапсырмасына сәйкес, мешіттер соңғы үлгіде қазақи нақышта салыну керектігін құрылысты бақылаушы азаматқа ауданның бас имамы жеткізді.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі