Әрбір мұсылманның білуі міндетті болған ілім түрлері

Әрбір мұсылманның білуі міндетті болған ілім түрлері

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

بسم الله الرحمن الرحبم، الحمد لله رب العالمين، والصلاة والسلام على رسول الله وعلى آله وأصحابه أجمعين

أما بعد:

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Пайғамбарымыз Мұхаммедке және оның сахабалары мен отбасына салауаттар мен сәлемдер болсын!

Алла Тағаланың Құрандағы ең біріңші үмметіне түскен аяты ол "Алақ" сүресінің алғашқы 5 аяты еді. Онда Алла Тағала былай дейді:

اقْرَأْ بِاسْمِ رَبِّكَ الَّذِي خَلَق

Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен (оқы)!

خَلَقَ الْإِنسَانَ مِنْ عَلَقٍ

Ол адамды (жатырға жабысатын) жабысқақ жасушадан жаратты.

اقْرَأْ وَرَبُّكَ الْأَكْرَمُ

Оқы! Сенің Раббың – асқан жомарт!

الَّذِي عَلَّمَ بِالْقَلَمِ

(Ол – адам баласына) қаламмен жазуды үйретті.

عَلَّمَ الْإِنسَانَ مَا لَمْ يَعْلَمْ

Адам баласына білмегенін үйретті.

Осылайша Алла Тағаланың бізге бұйырып тұрған ең біріңші парызы ол - оқып, ілім алу екен. Алланың Құранда бізге белгілеген көптеген Парыздары бар. Енді сол парыздарды дұрыс орындау үшін адам біріңші оның қалай орындалатынын оқып үйренуі керек. Әр бір амалды жасаудын алдында ол амал жайлы ілім болу керек. Сондықтан да Пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلم ибн Мажада жеткен бір хадисінде былай дейді:

طلبُ العلمِ فريضةٌ على كلِّ مسلمٌ

Ілім талап ету әрбір мұсылманға парыз.

Ғұламалар бұл хадистегі ілім - діни ілімге қатысты айтылған дейді. Яғни адамың жағдайына байланысты не нәрсе оған парыз болса сол жайлы ілім алуы да парыз болады. Не нәрсені орындау сүннет болса, сол жайлы ілімді алу да сүннет болады. Саналы адам ең бірінші өзіне міндетті болған ең маңызды ілімді алады. Адам ең бірінші өзінін сенімін дұрыстап алуы керек. Өйткені, сенімі дұрыс болмаса, қалған жасаған құлшылықтарынын барлығы да дұрыс болмайды және ахыретте еш пайда әкелмейді.

Құлшылығы дұрыс болуы үшін құлшылықтары жайлы ілімді оқуы керек. Мәселен, біз күніге дәрет алып бес уақыт намаз оқимыз. Және де ақыретте ең бірінші намаздан сұраламыз. Намазымыздың дұрыс болуы үшін намаз жайлы егжей тегжейлі ілімді білуіміз міндетті. Намазды не нәрселер бұзады, не бұзбайды, дәретті не бұзады, не бұзбайлы деген секілді. Үйленгендер болса, некенің үкімдерін, әйелі мен күйеуінің міндеттерін білуі парыз болады. Қалай неке дұрыс болады, қайтсе неке бұзылады деген секілді нәрселерді міндетті түрде білу керек. Сауда мәселесін де әрбір мұсылман білуі керек. Қайтсе сауда дұрыс болады, қай кезде зат халал болады, қай кезде рұқсат болмайды, қайтсе, риба болады деген секілді мәселелерді білу міндетті. Сосын әр мұсылман ішкі жан дүниесіндегі жаман ахлақтарды кетіруі керек. Ал оларды кетіру үшін әуелі ол жайлы білімі болуы керек. Қызғаныш, көреалмаушылық, ашу, жаман ой, мақтаншақтық, жалған сөйлеу секілді адамды құрдымға апаратын харам нәрселерден қалай құтылып аман қалуға болатынын біліп алуы керек.

Бұл жайлы әйгілі ханафи ғалымы Мухаммад Амин бин Умар Абидин (1238-1307 х) رحمه الله "Ад-Дурруль Мухтар Шарх Танвируль Абсор" кітабында былай дейді: аль-Алами "аль-Фусуль" кітабында былай дейді: Исламнын парыздарына: құлдын өз дініне сай өмір сүруі үшін мұқтаж болған нәрселерді оқуы және амалдарды Алла разылығы үшін шынайы ықыласпен жасауы, және Алланың құлдарымен дұрыс қарым-қатынас жасауы кіреді.

Діннін негізін хидаят (ақида) ілімін оқып алған соң, әрбір мукаллаф мұсылманға дәрет, ғұсыл, намаз, ораза жайлы ілімдерді, дүниесі нисап мөлшеріне жетсе зекет жайлы ілімді және қажылықты өтеу міндетті болса қажылық жайлы ілімдерді оқуы парыз болады.

Саудагерлер үшін харам мен макрухтерден және күмәнді нәрселерден сақтану үшін сауда-саттыққа қатысты ілімдер мен үкімдерді оқулары парыз болады.

Сол секілді әрбір маман иесіне харамға түсіп қалмауы үшін өз мамандығы жайлы және олардын үкімдерін білуі парыз болады.

"Табиинуль - Махарим" кітабында былай делінген:

Бес парыз бен ықылас ілімдерін оқып үйренудін парыздығында ешқандай күмән жоқ екені бәрімізге мәлім. Өйткені амалдың дұрыс болуы осы нәрселермен тікелей байланысты.

● Және де харам мен халал жайлы ілімді білу - парыз.

● Рия жайлы ілімді білу де парыз. Өйткені, рия себепті адам амалдарының сауабынан айырылады.

● Сол секілді көреалмаушылық (хасад) пен өзіне таңырқау (ғуджб) секілді жаман ахлақтардан арылуды үйрететін ілімді оқу парыз.

Өйткені, бұл 2 нәрсе оттың ағашты өртеп жоқ еткені секілді, амалдарды да дәл солай өртеп жоқ етеді.

● Кімде-кім суда жасайын деп жатса сауда жайлы ілімдерді, ал некелесейін деп жатса неке, талақ ілімдерін оқуы парыз болады.

● Тыйым салынатын сөздер мен адамды күпірлікке түсіретін сөздерден сақтану үшіе осылар жайлы ілімді алу парыз болады.[1]

[1] Раддуль Мухтар 1/126.

Қорытындылай келгенде әр мұсылманға мына үш ілімді алу парыз:

1) Ақида( Иман)

2) Фиқһ ( Ислам)

3) Ахлақ ( Ихсан)

Пайғамбардан صلى الله عليه و سلم Жәбірейіл عليه السلام осы Діннін негізгі құраушы үш нәрсесі жайлы сұраған. Олар: Иман, Ислам және Ихсан. Енді Алла кімге жақсылық қаласа осы діннін негізгі үш тірегін үйретіп қояды. Сол үшін барынша Алла разылығы үшін парыз ілімді алуға барынша тырысайық.

Бекболат Мыңбаев

Тараз қаласы «Бегалы ата» мешітінің бас имамы

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: