Шу қалалық мәдениет үйінде мәдени қызметкерлермен кездесу өткізілді.
Кездесуде Шу қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің имамы Б.Нұрлыханов «Экстремизм мен терроризмге жол жоқ» тақырыбында сөз қозғады. Мәдени қызметкерлерге асыл дініміз Исламның экстремизмге ешқандай қатысы жоқ, яғни террорлық әрекеттер белгілі бір жерді немесе ортаны бүлдіру болып табылатыны жеткізілді. Ал, өз кезегінде Ислам террорлық әрекетті айыптайды, өйткені дініміз адам өлтірмек түгіл пенденің көңіліне қаяу салудың өзі күнәлі іс екенін ескертетінін айта кетейік.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.