#Талас: Қайырымдылық - ізгі қасиет

#Талас: Қайырымдылық - ізгі қасиет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қайырымдылықтың үлкен кішісі болмайды. Мұқтаж жандарға жасалған әрбір көмекке сауаптан жазылады, қайырым істер қатарына жатқызылады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) жеткен хадисте: "Мал мүліктерді зекетпен қорғаңдар, ауруларды садақамен емдеңдер және бәлеге қарсы дұға әзірлеңдер," - дейді.

Қашан да қамқорлық істерімен елдің алғысына бөленіп жүрген азамат Алпамыс Бақытұлы 300 адамға қайырымдылық жасап, сауапқа бөленді.

Жалпы әлеуметтік жағдайы аз қамтылған және көпбалалы отбасыларымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандарды қамтыды. Қайырымдылық қоржынында күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдері салынған.

Азық-түліктер топтастырылған 150 пакет тізімге енгізілген ауылдық округтердегі отбасыларына үлестірілсе, 150 данасы қаладағы отбасыларына таратылды.

«Әбдірашит ата» мешітінің ашылу салтанатына орай ұйымдастырылған қайырымдылық керуені туралы аудандық «Қажы би» мешітінің бас имамы Нұрсұлтан Әлиев: -Қайырымдылық-көмекті қажет етушілерге білдірілетін құрмет және нақты көмек. Қайырымдылық-кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Қасиетті Құран Кәрімде: «... тиісті орынға бір нәрсе жұмсасаңдар, сонда Алла тағы есесін береді»,- делінген (Сәбә,39-аят).

Бүгінгі қайырымдылық керуені аудандағы атымтай азаматтардың демеушілігімен жүзеге асып отыр. Алдағы уақытта да мұндай шаралар жалғасын табатын болады,-дейді.  

 Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: