Жамбыл ауданы Қызылқайнар ауылы әкімшілігінде аудан имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы ауыл тұрғындарымен кездесіп, көкейде жүрген сұрақтарын қойып, ауылға имам тағайындап беру керектігін айтып, Жасөркен ауылының тұрғыны Берсүгіров Ертайды имамдыққа өтініштерін жеткізді.
Аудан имамы өтініштерін қабыл алып, имамды ҚМДБ-ның арнайы сараптауынан өту керектігін, елдің арасында беделі болу керектігін айтты. Көпшілікке үлкенді құрметтеу, кішіге ізет, дін және дәстүр жөнінде түсіндірілді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі