Амман қаласының әкімі «Әзірет Сұлтан» мешітіне Құран табыстады (ФОТО)

Амман қаласының әкімі «Әзірет Сұлтан» мешітіне Құран табыстады (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Иордания әмірлігінің астанасы Амман қаласының басшысы Акил Балтаджи бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде қонаққа келді. Құрметті қонақтарды Астана қаласының өкіл имамы Наурызбай қажы Тағанұлы қарсы алып, ыстық ықылас танытты.

Сәулеті мен сәні келіскен құлшылық ордасындағы тарихи жәдігерлермен танысып, мешіт ішін тамашалаған Акил Балтаджи өз ризашылығын білдіріп, мешіт жұмысына береке тіледі. Кездесу барысында Амман әкімі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлына арнайы әкелген қасиетті Құран Кәрімді мешітке табыстап аманаттады.

Кездесу соңында Акил Балтаджиге қазақ халқының сан ғасырғы тарихынан сыр шертетін «Батырлар жыры» дисктер жинағы тарту етілді.

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: