Алтай қазақтарына онлайн дәріс өткізілмек (ФОТО)

Алтай қазақтарына онлайн дәріс өткізілмек (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Алтай Республикасы мұсылмандарының төрағасы Жанболат Аятбекұлын, Алтай қазақтары құрылтайының орынбасары Ыстақан Тоқтаханұлын, заңгер Әли Маратұлын қабылдады. Делегацияның Қазақстанға келудегі мақсаты – өзара ықпалдастық қатынас орнату, тәжірибе алмасу, имамдардың біліктілігін арттыру. Кездесуде Ержан қажы Малғажыұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бүгінгі игі жұмыстары жайлы баяндады.

«Елімізде діни ахуал тұрақты. Дініміздің жанашыры Елбасының игі бастамасымен көптеген зәулім мешіттер бой көтеруде. 2300-ден астам мешіт халықтың бірлігі мен ынтымағы, ізгілік пен имандылық жолында қызмет етуде», – деді Бас мүфти.

Ресми қабылдауда Жанболат Аятбекұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен жүзеге асып жатқан ізгі істер мен сауапты жұмыстар туралы хабардар екенін айта келе: «Сіздерден алатын үлгі мен тәжірибе көп. Осы бағытта ортақ мақсат үшін екі ел діндарларының байланысын күшейтуіміз қажет», – деді.

Басқосуда Бас мүфти Алтай қазақтарына, имам-молдарына онлайн дәріс өткізу қажеттігін айтты. Бұл ұсынысқа оң пікірін білдірген Ж.Аятбекұлы Діни басқарма тарапынан уағызшылар тобын Алтай аймағына жіберу туралы өтініш білдірді.

Ержан қажы Малғажыұлы бұл өтінішті қабыл алып, сонымен қатар шеттегі қандастарымызды қажетті кітаптармен қамтамасыз етуге дайын екенін жеткізді.

Алтай Республикасынан келген дін өкілдерінің ресми сапары аясында ертең екі елдің рухани саладағы өзара ынтымақтастығын арттыру бағытында меморандум қабылданбақ.

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: