Алғашқы «ұлық пайғамбар» (с.ғ.с) әлемдік фестивалі өтеді

Алғашқы «ұлық пайғамбар» (с.ғ.с) әлемдік фестивалі өтеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Иран астанасында түрлі елдердің қатысуымен исламның ұлық пайғамбарына (с.ғ.с) арналған әлемдік тұңғыш фестиваль өтеді. Ағымдағы жылдың 24-26 мамыр күндері Тегеранда өтетін "Исламның ұлық пайғамбары" (с.ғ.с.) әлемдік тұңғыш фестивалі мәдениет пен өнер туындыларын жұртшылық назарына ұсынбақ. Ұйымдастырушылар "Өкінішке орай, соңғы жылдары Батыс пен Америкада исламның жаулары карикатура, кино немесе кітаптарды қолданып, ардақты пайғамбардың тұлғасын қорлау әрекеттеріне барғаны рас.

Осы ретте ұлық пайғамбардың (с.ғ.с.) тұлғасын таныстыру үшін ең үздік жол өнер құралы мен адамзаттың осы айдындағы зор қабілеттерін пайдалану болып табылады. "Ұлық пайғамбар" (с.ғ.с.) әлемдік фестивалінде өнерпаздар хазірет туралы өз туындыларын: хикаялы қысқа метражды фильм, қысқа метражды деректі фильм, анимация, сценарийлері арқылы   пайғамбарға қатысты шүбәларға ағылшын тілінде жауап беру мақсатын көздейді" дейді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: