ӨСКЕМЕНДЕ ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІ ӨТУДЕ (ФОТО)

ӨСКЕМЕНДЕ ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІ ӨТУДЕ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Өскемен қаласында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Ғұламалар кеңесінің ХХХ мәжілісі басталды.

Мәжіліс жұмысына кеңес мүшелері толық құрамда қатысуда.

Кеңестің кезекті мәжілісін ашқан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Ғұламалар кеңесі шариғат негіздеріне сүйеніп, мұсылман қауымы арасында туындаған түйткілді мәселелерді талқылап, дер кезінде шешім шығарып, пәтуа қабылдап келеді. Ғұламалар кеңесі осы уақытқа дейін 35 концептуалды құжат қабылдап, шариғат аясында отбасы және неке мәселесі, медицина, құқық, қаржы, т.б. салалар бойынша 100-ге жуық пәтуаны бекітті. Сонымен қатар кеңес жұмысында өзекті тақырыптарды қамтыған 8 кітапты талқылап, баспаға ұсынды. Игі іске үлес қосқан ғұламаларға айрықша алғысымды білдіремін» деді.

Айта кетсек, Ғұламалар кеңесінде 1 концептуалды  құжат пен 2 ғылыми жоба талқылануда. Сонымен қатар түрлі тақырыпта жазылған 11 пәтуаның мазмұны қаралуда. Атап айтқанда, нәпақа берудің үкімі, түсік құны туралы үкім, жасанды түсіктің төлемі, жалға алған мүлікті жалға беру үкімі, үй құстарын механикалық аппаратпен бауыздау үкімі, боза ішу үкімі, т.б. пәтуалар мазмұны талқылануда.

Кеңес жұмысы ертең де жалғасады.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: