#Жамбыл: Ауыл имамдарына түсіндіру жұмыстары жасалды

#Жамбыл: Ауыл имамдарына түсіндіру жұмыстары жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

  Жамбыл ауданы «Бәйдібек» мешітінде облыстық «Һибатулла Тарзи» мешітінің найб имамы Амириев Бақтияр, ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы ауыл имамдарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сол мешіттің имамдарына «Теріс ағымдардың алдын алу» тақырыбында кенінен айтылды. Деструктивті діни ағым мүшелерімен жұмыс жүргізу жолдары түсіндірілді.  Мешітке келген жамағатпен тығыз байланыста болуын, имам мешітке жауапты басшы екендігін, мешіттің жұмыстары мен мешітке келген жастармен тығыз қарым-қатынаста болу сөз болды. Имамдардың білімін жетілдіру керектігін айтты. ҚМДБ-ның жанындағы Имамдардың білімін жетілдіру курсында бір ай онлайн дәріс алған Еңбек ауылының имамы Абденбай Жемисбеккке куәлік табысталды. Ауыл имамдарының сұрақтарына жауап берілді.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: