Жамбыл ауданы Жастар орталығында «Бейбітшілік пен этносаралық келісім – біздің басты құндылығымыз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы және Аудан әкімінің орынбасары Баққараев Олжас Елебекұлы мен аудандағы өзге ұлт өкілдері қатысты. Жиында бүгінгі күні қазақстандық бірліктің өзіндік ерекше моделін қалыпастыруда Қазақстан халқы Ассамблеясы маңызды рөл атқаратындығы сөз болды.
Ассамблеяның басты міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылады.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі