10-11 мамыр Стамбул Конгресс Сарайында «Жаңа үміт» және «Хира» журналдарының редакциясы тарапынан ұйымдастырылған «Ислам дінінің байлығы – Ижтихад пен қияс» атты халықаралық симпозиумда Ислам әлемінің барлық мұсылман ғалымдары бас қосты. Өткен жылы «Ижма» тақырыбында ұйымдастырылған болатын. Биылғы симпозиумға 90-ға жуық елден 3000-дай адам қатысты. Қазақ елінен барған делегацияның құрамында облысымыздың өкіл имамы, Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Әлимұхаммедұлы, ОҚО өкіл имамы Бейбіт Әліпбекұлы, Қызылорда облысының өкілі Талғат Сейіткәрімұлы бар екенін айта кету керек.
Бұған дейінгі симпозиумдарда «Құран және ғылыми шындықтар», «Пайғамбар жолы», «Ижма және ұжымдық сана» тақырыптары қозғалған болатын. Симпозиумның «Ижтихадтың ислам дінінде алар орны» атты тақырыптағы алғашқы отырысы теология ғылымдарының докторы, профессор Суат Иылдырымның басшылығымен бесіннен кейін басталды.
Ғылыми симпозиумда әлемнің әр түкпірінен келген дін ғалымдары, ислам дінінің қазіргі уақыттағы жағдайын, кей елдерде мұсылмандардың қысым көріп жатқанын, Ислам дінінің орта жолды ұстанатын бірден бір әрі бірегей дін екенін сөз етісті.
Бүгін «Жүзеге асыру және дәлел-дәйек тұрғысынан ижтихад», «Қияс», «Ижтихад және пәтуә» және «Қазіргі кездегі ижтихад» тақырыбында қозғалып, өз мәресіне жететін болады
Жамбыл облыстық мешітінің баспасөз қызметі