«Тозақтың қақпасы» (ФОТО)

«Тозақтың қақпасы» (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тозақтың қақпасы


Бұл - Түркіменстандағы Қарақұм шөлінде 43 жылдан бері қарай дәп осы қалыпта жанып жатқан кратер.  

a1c08c06154d79383f353102e4d734cb.jpg

Мұның тарихы 1971 жылы геологтардың зерттеу жұмыстарынан басталған. Бұрғылау жұмыстары кезінде олар газбен толыққан бос кеңістікке тап болады. Бұрғылау жұмыстары құрал  сайманның жұтылуына алып келген. Себебі жер өз-өзінен жарылып, маңындағысын жалмап кеткен екен. Сол кезде ғалымдардың бірі бұл газды жағу керек деген ой айтады. Міне сол кезде қойылған от әлі күнге өшпепті.

26fd4fbada81d49bd280ed115679f295.jpg

Оның орналасқан жері Ашхабадтан 270 км. жердегі Дервезе немесе Дарваза деп аталатын жер. "Дервезе" аты айтып тұрғандай, дарбаза, яғни, қақпа деген мағынаны береді. Халық арасында тозақтың қақпасы деп аталуында да осындай байланыс бар. Кратерге ең жақын ауыл Ербент 90 км қашықтықта орналасқан. Мұнда туристер жиі келеді. Құмды жерде орналасқандықтан, мәңгілік от шұқырын тамашалаушылар жол талғамайтын көлікті пайдаланады. 

cc42e5caa76568601b0a3ecc1b1143e8.jpg

efb54d37480aa92559ebe1f1c6b44941.jpg

Көрген кісінің көзін қарықтырып, жанын түршіктірген ыстық орды кейбіреулер кездейсоқтыққа баламайды. Сондықтан да олар осы бір мәңгілік оттың астарынан әлдебір тылсымның тиегін іздейді.  

f1ff9909da101dce8435a1c0bf0e42e8.jpg

Ал, ғалымдар осынау бос кеңістіктің ішінде метан газы бар деген болжамға келеді.  

d097cf7997c97ffdd6dbe901f691acfa.jpg

Алайда олардың 2-3 күн жанып бітетін газ деген болжамы расқа шықпапты, 2-3 күннің соңы 2-3 жылда да бітпегеніне Сіз бен Біз куә болып отырмыз.  

3c1ccceee4a76ea3cab8156996329e0e.jpg

Түнде көрсеңіз, маңайына толған айдың жарығын шашатын ор осы. 

9b80f5e277626bb14227ddd05c922da2.jpg

 ... Ал, мынау  күндіз түсірілген апанның беткі көрінісі... 

c54a76ac63f52bdd9630775c40ac33bd.jpg

Ғалымдардың пайымдауынша ыстық ордың диаметрі шамамен 60, ал тереңдігі 20 метр. Бар болғаны осы кеңістіктің жарты ғасырға жуық жануы, әрине, таңқаларлық жайт. Ал оның жануы әлі қанша жылға созыларын дөп басып айтқан ешкім жоқ...
 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: