Меккедегі су тасқыны (ФОТО)

Меккедегі су тасқыны (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жауын-шашыны сирек түсетін Саудия Арабиясының тұрғындары үшін жаңбырдың орны бөлек. Апталап, айлап барып бір жауатын жаңбырды сағына күтетіндері де сондықтан. Алайда, өткен аптаның ортасында басталған жаңбыр соңы су тасқынына айналып, Мекке шаһарында қарбалас туғызды. Электр желілері мен көшедегі көліктерге айтарлықтай зардабын тигізген су тасқынынан жарақат алғандары да баршылық.

Толассыз құйған нөсер салдарынан болған тосын жағдайлардың алдын алу үшін 23 патрульдік және 16 құтқару топтары құрылып, көмек көрсету шараларына жұмылдырылған. Тәртіп сақшыларының мәліметі бойынша, осы күндері құтқару бөлімшесіне 1356 қоңырау келіп түскен.

Қашанда нөпір халықтан бір босамайтын Харам мешітінің ішкі ауласындағы қарбалас  та нөсер салдарынан саябырсып қалған көрінеді. Дегенмен, жаңбырлы күні тауаф етуге тәуекел еткендер де баршылық. «Найзағай жарқылы мен қалың нөсер астында тауаф ету, расында да, тым ерекше», –дейді кіші қажылыққа келген Мохаммед Абдул Рахим.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: