Найб мүфти Жамбыл облысына іс-сапармен келді

Найб мүфти Жамбыл облысына іс-сапармен келді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алаш жұрты үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің арқасынlа егемен ел болғанымызға 20 жылдан асты.

Тәуелсіз елдің ертеңі үшін, аянбай тер төгіп, елеулі еңбек қалдырған тұлғаларымыз қаншама?  «Тәуелсіздігімізді тұғырландырған тұлғалардың тобында халқымыздың ардақты перзенті Қаратай Тұрысовтың алар орны алабөтен!..» деп, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі аса жоғары бағалаған экономика ғылымдарының докторы, академик Қ.Тұрысов - Кеңестер Одағы билігінде жоғары лауазымға қол жеткізген екінші қазақ (Т.Рысқұловтан кейінгі), БҰҰ-ның бас жиынында Халықаралық биік мінберден сөз сөйлеген бірінші қазақ!  Геолог, экономист, республика, облыс деңгейіндегі партия, кәсіподақ ұйымдарының жетекшісі, министр, 2 дүркін КСРО Жоғарғы Кеңесінің, 2 рет ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қаратай Тұрысовтың 80 жылдығына орай Ас беріліп, Тараз қаласы ортасынан көше берілді.

Аталмыш игілікті шараның ашылуына, Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев. Тараз қаласының әкімі Нұржан Кәлендаров. ҚР-парламент мәжілісінің депутаты Уалихан Қоскеұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының найб мүфтиі, Астана қаласы «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серік Ораз қажы және зиялы қауым өкілдері қатысты.

 Арнайы келген сапарында, Найб мүфти Серік Ораз қажы,  ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Жұмабаев Данияр қарының бастауымен,  Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» орталық мешітінің тыныс-тіршілігімен танысып, «Һибатулла Тарази» медресесінің шәкірттерімен кездесті. Найб мүфти «Білімді алудан жалықпау, шәкірт үнемі құлшыныста болып, мінезі ашық, кішіпейіл, жұрттың сөзін тыңдай білетін, жұртқа өзін тыңдата білетін, қоғам мен халық арасында рухани алтын көпір бола алатын азамат болуға, дін мен дәстүр сабақтастығында көзқарасы айқын ұлтжанды азаматтардан болуы керектігін жеткізді».

 Қаратай Тұрысовтың 80 жылдығы аталып, «Бақ Сарай» мейрамханасында ас беріліп, дастарқанға өкіл имам Құран оқып, Найб мүфти Серік Ораз қажы дұға жасады. «Мына жеті нәрсені орындаған адам өлгеннен кейін де үздіксіз сауап алады: 1) (Дінге сай) ғылыми еңбек жазған, 2) Халыққа ішетін су көзін жүргізген, 3) Су құдығын ашқан, 4) Құрма ағашын еккен, 5) Мешіт соққан, 6) Мусхаф (Құран кәрім кітабын) жазған, 7) Өлгеннен кейін өзіне дұға ететін салих перзент жетілдірген», (Бәйһақи) мысалда келтіргеніміздей, өмір бойы жауапты лауазымдарда қызмет ете жүріп адалдық, әділдік, ұлтжандылық ұстанымдарынан айнымаған Қаратай Тұрысов сияқты азаматтардың есімі ел есінде қала бермек.

 

                                                                                        Kөгедай Шәмерхан

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: