« Орта Азиядағы исламның рөлі »атты халықаралық к. онференциясына қатысушыларды ң ҮНДЕУІ

« Орта Азиядағы исламның рөлі »атты халықаралық к. онференциясына қатысушыларды ң ҮНДЕУІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Ислам Орта Азияның басым тұрғындарының тарихи діні болып табылады.

Көптеген ғасырлар бойы осы ұлан байтақ даланың халықтары ұрпақтан ұрпаққа рухани негіздерін исламнан тауып, өнегелі тұспалдарын, өзгермейтін құндылықтарын бойына сіңіріп, өздерінің дәстүрі мен мәдениетін байыта түсті.

Орта Азия - тек қана исламның таралу аймағы болып қалған жоқ, ол сонымен қатар ислам өркениетінің гүлденуі мен исламдық ойлаудың дамуының тарихи орталығы болды.

Орта Азиядағы ислам мәдениеті оның барша тұрғындарының күш салуымен дамыды.Осы топырақтардан шыққан ұлы тұлғалар әлем тарихына тек қана Құран мен Сүннеттің әйгілі білгірлері болып қана қалмады, олар табиғи және гуманитарлық ғылымды дамытқан ұлы ғұламалар ретінде танымал болды.

Имам Мухаммад аль-Бухари, Абу Мансур ас-Самарканди, Әбу Мансур аль-Матуриди, Әбу Наср әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Райхан әл-Бируни, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Ясауй және олардың көптеген замандастары мен ұрпақтары әлемдік тарихта ілгерішіл озық ойдың өкілдері болып жазылды. Ислам мәдениеті мен өркениетін олардың еңбектерінсіз елестету мүмкін емес. Олар Орта Азияның ғана емес күллі ислам әлемінің мақтанышына айналды.

Осылайша Орта Азияда білімге, ізгілікке, адамгершілікке, кең пейілділікке шақырып, соқыр фанатизм мен зорлық зомбылықты қаламайтын исламның ағартушылық кеңістігі қалыптасты.

Орта Азия мұсылмандарын жалпыға ортақ діни негіз болып табылатын объективті, рационалды тұрғыдан исламдық қағидаттар мен дәстүрлі құндылықтарды үйлестіре білуімен ерекшеленетін сүнниттік исламдағы ханафи мазхабы біріктіріп отыр. Ханафи мектебінің осындай маңызды ерекшеліктері осы көп этносты және көпконфессиялы аймақта халықтардың бейбіт қатар өмір сүруіне негіз болып табылады.

 Біздің қоғам ұзақ жылдарға созылған атеизм мен дінге қойылған шектеулерден кейін бүгінгі күні діни жаңғыру құбылысын басынан кешіріп, өзінің рухани бастауларына қайта оралуда.

Алайда нақ осы кезеңде Орта Азияның рухани кеңістігі дін атын жамылған, діннің ішкі мәніне бойламай сыртқы формада қабылдайтын, бұрмаланған жат идеологиялардың шабуылына ұшырады. Жалған дін уағыздаушылары қоғамға дін тазалығы туралы өз көзқарасын таңуға, Орта Азияда Ислам дәстүрлерінің болмағандығын дәлелдеуге тырысып, исламмен етене байланысқан ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтарымызды жоққа шығаруда.

Өкінішке орай, аталмыш насихатпен алданған жеке дінге сенушілердің арасында өз отбасынан, халқының ұлттық дәстүрінен, отанынан және ақиқат діни сенімнен безіп, бас тарта бастағандардың қатары көбейе бастады. Олардың ішінде шектен шығып, терроризм мен экстремизм актілерін жасағандар да бар.

Конференцияға қатысушылар Орта Азия халықтарының мұндай тегеуріндерге өз жауабы бар екендігіне сенімді. Бұл - ары қарай гүлдену мен ізгілікті қалыптастыратын исламның құнды мұрасы.

Ханафи мазхабы өзінің діни-құқықтық ілімінің басымдылығын дәлелдей отырып, ортағасырлық радикалды фундаментализмнің тегеуріндеріне жауап бере алды.

Бүгінгі таңда терең мәдени, тарихи дәстүрлерге ие аймақтың мұсылман халқы радикализмнің, экстремизм мен терроризмнің ешқандай түрлерін қабылдамайды. Олар Исламды ізгіліктің, даналықтың, өзгелерге деген құрмет пен жалпыға ортақ прогресстің бастаушысы ретінде мойындайды. Олар ата-баба дәстүріне құрмет көрсетіп, ұрпақтарының амандығы үшін барлық жағдайды жасайды.

Ғұламалардан қалған ғылыми, әдеби, мәдени және рухани-өнегелік мұра бүгінгі күні де өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Сондықтан еліміздің халықтарының өзара өркендеуі үшін ғылым мен мәдениетті дамыту үшін ата-бабаларымыздың жолын жалғастырып, Орталық Азия аумағында мұсылман қауымының прогрессивті интеллектуалды дамуы үшін негіз қалауымыз керек.

Конференцияға қатысушылар өздерінің барлық азаматтарын, зиялы қауым өкілдерін, сарапшылар қауымдастығын, мұсылман дін қызметшілерін осындай рухани әлеуетті сақтап, оны әрі қарай күшейту үшін бар күш-жігерін біріктіруге шақырады.

Орта Азиядан әлемге жарық шашқан Исламның рөлі жер бетінде бейбітшілік орнату, тыныштықты сақтау және гүлдендіру болып табылады.

 Халықаралық конференцияға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей Федерациясы, Мысыр мен Түркия тарапынан қатысушылар

 muftyat.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: