Тараз қалалық «Жастар ісі» секторының жауапты маманы әрі қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешітінің наиб имамы Қайырғали Бахтиярұлының ұйымдастыруымен «Әулие ата» шаһарының жастары мен мешіт жамағаты спорттық «футбол» ойынында жиналып, олардың спортқа деген ынтасының артып және дене шынықтырып, сергітуіне себепкер болды.
Ислам діні қашан да жастардың діни құлшылықтармен қатар дене шынықтыруды да бірге алып жүру керек екенін насихаттаған. Тіпті, ардақты Алла Елшісі де(с.а.с) өзінің жұбайы Айша(р.а) анамызбен жүгіріп жарысқандығы жайлы сенімді хадистерде баяндалады. Және де сүннет амалдардың біріне: атта шабу, садақ ату, күресу секілді спорт түрлері жатады.
Алла Тағала жастарымызды дін мен спортты қатар алып жүретін әрі Раббымызға ұнамды «мықтылардың» қатарын көбейтуді жазсын.
"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі