Жамбыл ауданы жастар орталығының және аудан имамы Ғайырфулла қажы Қуанышбекұлының ұйымдастыруымен аудан жастарымен және мешіт жамағаттарының қатысуымен Шайдана ауылында футбол турнирі өтті.
Қайырымдылық іс-шараға 7 команда қатысып, әр команда ойынға 7000 теңгеден ат салысады. Жиналған қаражатқа аталған ауылда тұратын 1 отбасыға азық-түлік алып берілді. Алдағы уақытта, бұл қайырымдылық турнирі басқа ауылдарда да ұйымдастырылмақ.
Айта кетейік, мұндай шара ораза айының алдыңда Бесжылдық ауылында кіші футбол алаңында өткізілетін болады.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі