Жамбыл ауданы Жасөркен ауылы «Тұрыс» мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айында түскен пітір садақадан қаражатты 10 отбасыға қаржылай 20 000-нан, 1 отбасыға 40 000 тг берілді.
Барлығы 240 мың қаражат жұмсалды. Сонымен қатар 2 қой сойылып таратылды. Мешіт имамы Досмуханбетов Бауыржан алқа мүшелерімен ақылдаса отырып жасалған шарада көмек алған отбасылар ауыл мешітіне өз алғыстары мен ризашылығын білдірді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі