Жамбыл облысының өкіл имамы және Тараз қаласы бас имамының мұрындық болуымен "Иса Ахмет" мешіті күрделі қайта жөндеуден өтіп қызметке берілді. Аталмыш мешіт 2010 жылдан бері жамағатқа есігі ашық болатын. Алайда шатырынан өткен жаңбыр суы мешіт қабырғасын бүлдіріп, ескі жағдайға келтірді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жаңадан мешіттер салу орнына ескірген мешіт құрылыстарын жаңартуға, қаңырап бос жатқан мешіттерге көңіл бөлуге үндейді. Осыған байланысты төртінші аймақ кураторы Миразизов Нұрматжан имамның себепкер болуымен «ИП-Пышка» тәтті өндірістік мекемесі басшылары Фазылов Эркенжан мен Фазылов Фархат мешітті қайта өңдеуден өткізіп су жаңа жағдайға келтірді. Алла үйін безендірген ағайынды кәсіпкерлерге Жамбыл облысы өкіл имамының алғыс хаты табысталды.
Мешіт ашылуында сөз сөйлеген облыс имамы Б.Әліпбекұлы Пайғамбарымыздың (с.а.у.): «Кім жер бетінде өз ақшасымен мешіт салса Алла Тағала оған жәннатта үй құрады» деген хадисін айтып, мешіт салудың артықшылығын жеткізді. Жиын соңы ашылуға келген көпшілікке тәттілер таратылып, қарт атамыз қасиетті батасын берді.
"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі