#Т. Рысқұлов аудандық мешітінде уағыз айтылды

#Т. Рысқұлов аудандық мешітінде уағыз айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Т. Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Джадраев Сұлтаншарип қажы «Көгершін» мешітінде қажылық тақырыбында уағыз айтты. Аудандағы жастар ісі секторының ұйымдастыруымен болған уағызда қажылықта жасалатын амалдар, қажылықтың парыздары, уәжіптері мен сүннеттері және қажылық амалының сауабы жайында айтылды. Уағыз барысында Ардақты Пайғамбарымыздың с.ғ.с. «Қабыл болған қажылықтың сыйы тек – жәннат» деген хадисіне ерекше тоқталып, мағынасын ашып түсіндіріп берді.

 Алда келе жатқан қажылық уақытына төрт көзіміз түгел жетіп, қажылық парызымызды өтеуді Алла нәсіп етсін!

Түзелбеков Қуаныш

Т. Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: