Т. Рысқұлов ауданы Луговой ауылы "Әл-Хақ" мешітіне жаңа кілем қасиетті Ораза айт мерекесі қарсаңында төселді.
Мешіт жамағаты мешіттегі ескі кілемдерді шығарып, орнына жаңа кілемдерді төседі. "Әл-Хақ" мешітінің бас имамы Үмбет имам демеушілерге разылығын білдіріп, алғыс айтты және осы мешітте оқылған әрбір намаздың сауабы кеміместен оларға да жазылып тұратынын айта кетті.
Т.Рысқұлов аудандық мешітінің баспасөз қызметі