#Қордай: Аудан имамы Әжелер алқасымен кездесті

#Қордай: Аудан имамы Әжелер алқасымен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы өңірдегі Әжелер алқасымен кездесу өткізді. 

Қыз-келіншектерге ақылшы болып, жақсылыққа шақыру, жамандықтан тыю, әйелдер жамағатымен әрдайым байланыста болу сынды мәселелерді көтерген жиында ұйымның алдағы өткізетін шаралары тілге тиек болды.

Шарада аудан қоғамындағы отбасы бақыты, жастар тәрбиесі жайлы талқыланып, әйел-қыздар жамағатымен жасалатын жүздесулердің маңыздылығы сөз болды. Аудан имамы өз сөзінде ақ жаулықты әжелерді белсенді болуға шақырды.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: