Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы арнайы іс-сапармен Жуалы ауданы Т. Дүсебай ауылына келіп, жаңа бой көтерген мешіттің жұмысымен танысты. Алла үйі құрылысының жай -күйін бақылаған имамға аудан имамы ғимаратты таныстырып, ішкі әрлеу жұмыстары жайлы сөз қозғады.
"Тәттібай" мешітінің молдасы алдағы уақытта мешіттің ішкі әрлеу жұмыстары және аулалардың қоршауды және абаттандыру жұмыстары жүретінін айтып өтті.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі