Жамбыл ауданы қасиетті Ораза айт күні айттық таратты. Түркісіб ауылы «Түркісіб» мешетінің ұйымдастырған іс-шарасына ауданның бас имамы Ғайырфулла қажы Қуанышбекұлы келіп қатысты.
Мешіт имамы Қыдырбай Тәжібаев пен алқа мүшелері ораза айында түскен пітір-садақаның есебінен және ауыл кәсіпкерлерінің демеушілігімен жағдайы төмен, көпбалалы жиырма отбасыға айттық дастархан үшін көмек берді. Жәрдем алған аналар бұл іс-шараға өз отбасыларының атынан алғыстарын жаудырды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі