Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаевтың бастамасымен деструктивті діни ағымдар мәселесіне қатысты жиын өтті.
Шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев пен "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Бахтияр Амиреев қатысы.
Бас имам сөз кезегінде Тараз қаласындағы діни ахуал жайлы тілге тиек етіп, деструктивті ағымдардың алдын алуға арналған кездесулерді көптеп ұйымдастыруды, мектеп оқушыларымен жиі жұмыс жасауды ұсынды. Сонымен қатар аталған шараларға имамдар атсалысуға толық дайын екенін жеткізді.
Жиында қала әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлдана Сламбекқызы, Полиция бөлімінің басшысы Асылхан Әзімханұлы, Білім бөлімінің басшысы Саясат Керімұлы баяндама жасады. Мамандар діни экстремизмге қатысты жасалып жатқан жұмыстарды сөз етіп, мектепте кәмілетке толмаған балардың да теріс ағымға өтіп кеткені, олармен жеке кездесу керектігі жайында айтып өтті.
Айта кетейік, Тараз қаласында 422 адам теріс ағым ұстанады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі