Жамбыл ауданы Түркісіб ауылдық мешітінде ораза айт мерекесіне қатар келген жұма намазда ауданның бас имамы Ғайырфулла қажы Қуанышбекұлы «Түркісіб» мешітінің жамағатымен жүздесіп, жұма намазын өткізді.
Аудан имамы мешітке келуші жамағатқа елдің ауызбіршілігін, ынтымақтастықта болуын айтып, елде болып жатқан індеттен ауырып жатқан жерлестерімізге дұға жасап, халықтың амандығын тіледі.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі