Жамбыл ауданы ауыл мешіттері Қаламаңы ауылы «Хаджи Тамаль Мадина» мешіті мен Жалпақтөбе ауылы, Ақбұлым ауылы мешіттерінде қасиетті Ораза айтта көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған барлығы елу отбасыға азық-түліктей көмек көрсетілді.
Жалпы қаражат 500 000 теңге жұмсалды. Ауыл имамдары іс-шара жасауға ат салысқаны үшін ауыл кәсіпкерлері мен мешіт жамағатына өз алғысын білдірді. Қайырымдылық көмек алған отбасылар өз ризашылықтарын айтты.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі



07 Ақпан 2026
19 Шаабан 1447

