#Тараз: Қала имамдары Рамазан айында 18 755 955 теңгені қайырымдылыққа жұмсады

#Тараз: Қала имамдары Рамазан айында 18 755 955 теңгені қайырымдылыққа жұмсады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы имамдары демеушілер арқылы Рамазан айында 18 755 955 теңгені қайырымдылыққа жұмсады. Қайырымдылық ретінде 6013 кісіге ауызашар пакеті, 1072 отбасына азық-түлік, 91 отбасына қаржылай, 173 отбасына еттей, жетімдер үйіне ойыншықтар, мүгедектер үйіне дәрі-дәрмектер және тағы басқа жәрдемдер берілді. Жалпы қасиетті ай бойы 159 шара ұйымдастырылып 7490 отбасы қамтылды.

Қайырымдылық іс-шарасына Тараз қаласында орналасқан барлық мешіт жамағаттары мен «Жастар ісі секторы» және әйел-қыздар жамағаты толықтай атсалысты.

Қасиетті Құран кәрімде Алла Тағала: «Кім бір жақсылық істесе, оған сондай он есе (сауап) бар. Және біреу бір жамандық істесе, сондай-ақ қана жаза беріледі де олар зұлымдыққа ұшыратылмайды» деп бұйырады. Сауаптар еселенетін айда қайырымдылық жасаған жандардың Алла Тағала сауабын арттырсын! Екі дүниенің бақытын нәсіп етсін!

"Кеңесхан қыжы" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: