Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде және өңірге қарасты барлық мешіттерде Ораза айт намазы санитарлық талаптарға сай, мешіттің ауласында оқылды.
Ауданның бас имамы Ғайырфулла қажы Қуанышбекұлы көпшілікті мерекесімен құттықтап, айт намазы оқылды. Бас имам: "Рамазан айында тұтқан оразамыз қабыл, ел-жұрттың амандығын тілеп, елде болып жатқан індеттің жойылып, мамыражай күн болғай" деп дұға етті.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі