ҚМДБ Жамбыл облысы өкілдігі ұйымдастырған ораза айт құрметіне Байзақ ауданы-Тараз қаласы бағытына тегін қатынау акциясы жүзеге асырылды.
Байзақ ауданы "Байзақ баба" мешітінің бас имамы Рамиз қажы Азизов көлікке мінген жолаушыларды ораза айт мерекесімен құттықтап, жол ақысы төленбейтінін түсіндірді. Жолаушылар рахметтерін айтып, риза болды.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі