Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы қасиетті Рамазан айында бір ай бойы Құран Хатым жасаған мешітіміздің найб имамы Серік Нұркелді қариға және бір ай бойы фиқһ дәрісінен сабақөткізген Жұмағұлов Жандосқа алғыс білдірді.
Онлайн режимде өткен бұл іс-шаралар «Бәйдібек» мешітінің инстаграм парақшасында жүргізілді. Белгілі ұстаздармен сұқбаттар тікелей эфирде жасалды. Атқарылған іс-шараларға өз деңгейінде өткізгені үшін қызметкерлерге аудан имамы 50 000 теңгеден сыйақы берді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі