ҚМДБ-ның «Қайырымдылық жасасаң-қайырын өзің көресің» атты акциясы Жамбыл ауданы Бектөбе ауылы «Бектөбе» мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті Ораза айт күні болып өтті.
Мешіт имамы Ғани Танатаров пен алқа мүшелері ораза айында түскен пітір-садақаның есебінен және ауыл кәсіпкерлерінің демеушілігімен жағдайы төмен, көпбалалы жиырма отбасыға азық-түліктей көмек берді.
Бір отбасыға 15 000 теңге, жалпы 300 000 теңге қаражат жұмсалды. Көмек алған отбасылар ауыл кәсіпкерлері мен мешітке өз алғыстарын білдірді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі