#Меркі ауданы: Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің

#Меркі ауданы: Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» демекші, қандай қайырымды іс жасасаң да барлығы өзің үшін. Қазіргі кезде алаңдатып отырған індет жағдайы төмен отбасыларға, жалғызбасты қарттарымызға, көпбалалы отбасыларға, жалпы жұртшылыққа оңай болмай тұрғаны анық. Осынау сындарлы, сынаққа толы кезеңде ел баласы болып, жүкті жұмыла көтерсек, қайырымды болсақ, алынбайтын қамал, аспайтын асу жоқ. Осыны дәлелдейтін кез келді. Әр мұсылман қылған жақсылығының Алладан еселеп қайтатынына кәміл сенеді.

Құранда Алла Тағала: «Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла Тағала міндетті түрде оның орнын толтырады» – деп бұйырады.

Қайырымдылық  – мұқтаж жандарға көрсетілер нақты көмек, ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеті. Кісінің айналасындағы адамдарға танылатын тамаша қыры да қаншалықты қайырымды екенінен байқалады. Қандай жағдай болмасын, мұсылман баласы өзінің рухани құндылығын сақтап, қысылтаяң жағдайда еш өзгерместен, белгілі мақсатты көздемей халыққа қол ұшын созуы қажет.

Осы орайда, Меркі ауданына қарасты Тәтті, Мыңқазан және Ақермен ауыл имамдарының ұйымдастыруымен, елім-жерім деген азаматтарымыздың демеушілігімен 31 мұқтаж отбасыға көмек көрсетілді.

Мешіт қызметкерлері көмекке ұмтылған жандарға Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисін: «Кімде кім жақсылыққа жол сілтесе, сол үшін сауап жазылады», – деген. Тағы бір хадисінде «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар» (Тирмизи) деп үмбетін ізгілікке шақырды», - деп барша азаматтарымызды жақсылық жасауға шақырды.

Көмек алған отбасылар, осынау ізгі іс-шараға атсалысқан азаматтардың отбасыларына, мал-дүниелеріне береке тілеп, Алладан жарылқау тілеп баталарын берді.

Меркі ауданы «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: