Жамбыл ауданы Бесағаш ауылы «Бесағаш» мешітіне ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы Жамбыл облысының іс-басқарушысы Қожахметов Халиттің тапсырмасымен барған болатын.
Мешітке барған бас имам ҚМДБ-ның сараптау комиссиясынан шыққан кітаптарды мешітке сыйға тартты. Ауыл имамы Керимов Айтжан қабылдап алып, келген жамағат та өз алғыстарын жеткізді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі



01 Сәуір 2026
13 Шавваль 1447

