ҚМДБ «ОРАЗА АЙТ – ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ» ОНЛАЙН БАҒДАРЛАМАСЫН ҰСЫНАДЫ

ҚМДБ «ОРАЗА АЙТ – ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ» ОНЛАЙН БАҒДАРЛАМАСЫН ҰСЫНАДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күллі мұсылман қауымды сағындырып жеткен Рамазан айының да аяқталуына аз қалды. Ертең, 13 мамыр – Ораза айт мейрамы.

Былтыр пандемия жағдайының күшеюіне байланысты айт намазының оқылмағаны белгілі. Соңғы бір жылда діни іс-шаралардың бұрынғыдай атқарылуына шектеу болды. Ал биылғы ораза айт мейрамын қалай атап өтеміз? Осы және айтқа қатысты өзге де сұрақтарға Діни басқарма ұсынатын «Ораза айт – ұлық мереке» онлайн бағдарламасында жауап беріледі.

Бүгін мүфтияттың YouTube каналы мен Instagram парақшасында сағат 19:00-де өтетін тікелей эфирге ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, бөлім басшылары Смайыл Сейтбеков, Батыржан Берденұлы мен Марат Дәлелханұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Талғат Омаров, сондай-ақ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәлі қатысады. Дін мамандары ораза айт мейрамы, айт намазы және шәууәл айындағы нәпіл ораза мен қаза оразаларға қатысты көптеген сұрақтарға жауап береді.

Ораза айтқа арналған бағдарлама бір ай бойы кешкі сағат 19:00-де тележурналист Еркін Шәкірұлы жүргізген «30 күннің берекесі» онлайн жобасын қорытындыламақ. Ерекше атап өтетін жайт, аталмыш бағдарламаның 29 шығарылымына ҚМДБ бөлім басшылары, дін мамандары мен имам-ұстаздар қатысып, тікелей эфирде ұзын саны 565 сауалға жауап берілді.

Сондай-ақ «Мұнара» газетінің бас редакторы Серікбол Хасанның @muftiyatkz инстапарақшасында 30 күн өткізген «Рамазан – рақым айы» онлайн сұхбатына 19 өкілдіктің бас имамы мен 11 РАНТ мүшесі қатысып, тағылымды әңгіме өрбітті және 400-ден аса сұраққа жауап берілді.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: