ӘЛ-АҚСА МЕШІТІНДЕГІ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚМДБ МӘЛІМДЕМЕСІ

ӘЛ-АҚСА МЕШІТІНДЕГІ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚМДБ МӘЛІМДЕМЕСІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мейірім мен шапағат айы болған Рамазан айында әл-Құдыстағы Ислам дініндегі қасиетті үшінші мекен саналатын әл-Ақса мешітінде орын алған жағдайға алаңдаушылық білдіреді және күрделі мәселенің оң шешімін табуын тілейді.

Алла Тағала қасиетті Құранда: «Құлын (Мұхаммедті) бір түнде Харам мешітінен айналасына Өзіміз құт-береке дарытқан Ақса мешітіне кейбір маңызды белгілеріміз бен дәлелдерімізді көрсету үшін алып барған Алла – мінсіз (мұқтаждық пен дәрменсіздіктен, кемшілік атаулыдан ада). Ол – Сәмиғ (бәрін естуші), Басир (бәрін де көруші)» («Исра» сүресі, 1-аят) деп баяндайды.

Еліміздегі барша мұсылманды қасиетті айдың соңғы күндерінде қасиетті мекеннің тыныштығы үшін дұға жасауға үндейміз. Алла Тағала қасиетті әл-Ақсаның бейбітшілік пен амандықта болуын нәсіп етсін! Әмин!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: