ЕЛОРДАДА «ОРАЗАНЫҢ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ СЫЙЛЫҒЫ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ЕЛОРДАДА «ОРАЗАНЫҢ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ СЫЙЛЫҒЫ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елордада Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігі қолдауымен «Оразаның қайырымдылық сыйлығы» атты акция өтті.

«Елордада қайырымдылық акциясы әлі де жалғасын табады. Қазақстан Республикасындағы Араб Әмірліктерінің Елшілігінің қолдауымен, Қазақстан мұсылмандары діни  басқармасы мен елорда әкімдігі бірлесіп бүгінгі шараны ұйымдастырып жатыр. Басты мақсатымыз – мұқтаж және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттерін тарату», — деді Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Иманәліұлы.

Акция барысында мұқтаж жандарға азық-түлік және ыстық ас таратылды. 1300 қораптың 200-і елорда тұрғындарына, қалғаны еліміздің 9 ауданы мен Риддер қаласындағы өрттен жапа шеккендерге табыс етіледі.

«Қазақстан Республикасындағы Біріккен Араб Әмірліктерінің Елшілігі қасиетті Рамазан айында тарту-таралғысын үлестіріп отыр. Біріккен Араб Әмірліктері қай кезде де көмек қолын созуға дайын. Сіздерді Рамазан айы мен келе жатқан Айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!», – деді аталған Елшіліктің саяси, экономикалық және медиа мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы Мира Альазизи.

Өз сөзінде «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов әрбір мұсылман үшін Рамазан айының орны ерекше екенін мәлім етті.

«Әрбір мұсылман үшін 12 айдың сұлтаны – Рамазан маңызды оқиғалардың бірі. Қайырымдылық акциясына атсалысқан жандарға алғысымды білдіремін. Екі елдің арасындағы достық нығая берсін», — деді «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: