#Қордай: Қыздар арасында білім сайысы өтті

#Қордай: Қыздар арасында білім сайысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай аудандық мешітінде Әйел-қыздар секторының өңірдегі жауапты маманы, мешіт ұстазы Эльмира Есімқараеваның ұйымдастыруымен білім сайысы өтті.

Шара барысында мешіт ұстазы көпшілікті Рамазанның соңғы күндерімен құттықтап, сайыс шартын түсіндіріп өтті. 

Көпке танымал "Исламғылымхалы" кітабы негізінде фиқһ пәні бойынша жасалған білім додасында сынға түскендер қойылған сұрақтарға дұрыс әрі үздік жауап бере отырып, балдық жүйе бойынша бағаланды. 

Шараға қазылық еткен Әжелер алқасының шешіміне сай жылдам әрі ұтымды берген қыздар тиісті жүлделі орындарды иеленді. Сонымен қатар шәкірттер ортада кебіндеу әдісі сынды шариғи заңдылықтарды көрсетті. Топ бойынша жүзден жүйрік шыққандарға 1 орынға 10 000 теңге, 2 орынға 7 000 теңге, 3 орынға 3 000 теңге сыйлық берілді. Ал жүлделі болғандар тізімі төмендегідей:

1-орын 
Мергенбай қызы Альфира мен Тоқтонаева Қаныкей

2-орын

Жақсыбек Аружан Саматқызы мен Тоқтанаева Алина Бақытқызы

 3-орын

Сапарова Индира Садатдинқызы мен Амербаева Нурила Қайратқызы

 Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: