Бүгін Жамбыл облысы Байзақ ауданы Талас ауылы "Ан-Нағим" мешітінің имамы Сағымбаев Бақытбек Бауыржанұлы Қостөбе ауылдық округінің әкімі Тәжібекков Дәурен Бейсенбекұлымен кездесті.
Кездесуде Бақытбек Бауыржанұлы Ораза айт намазы 13 күні оқылатындығын, ҚМДБ бекіткен талаптарға байланысты мешіт ауласында намаз өтетіндігі, карантиндік талаптардың сақталатының, арақашықтықтың болатындығын айтып, айт намазына дайындық жұмыстарының жүріп жатқандығын баяндады.
Ауыл әкімі Дәурен Бейсенбекұлы айт намазына дейін мешіт айналасының таза болуы, жамағатқа қолайлы жағдайдың жасалуы Ораза айтқа байланысты құттықтау жазылған баннерлердің халық көретін жерге орналастыру керектігін тапсырды.
Кездесу сонында бұданда басқа іс-шараларды бірлесіп өткізуге уағдаласты.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі