Жамбыл ауданы Құмтиын ауылы «Ботабай» мешітінің ауыл кәсіпкерлерінің ұйымдастыруымен көпбалалы, жалғызбасты, аз қамтылған он отбасыға зекет таратылды. Он отбасыға 2 қой сойылып, үлестірілді.
Зекет – дәулеті жеткен әрбір иісі мұсылман баласының парызы. Исламда зекет бес парыздың бірі ретінде қарастырылады. Зекет беру парыз болғандықтан, Абай атамыз да өзінің өлеңінде «Руза, намаз, зекет, хаж - талассыз іс, Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс...» деп келтіреді.
Абай хәкімше айтсақ, жақсы мұсылман болу - бес парызды бір-бірінен бөле-жармай тегіс ұстанумен байланысты.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі