#Жамбыл: Рухани тәрбие – ихсан ілімі

#Жамбыл: Рухани тәрбие – ихсан ілімі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы Жамбыл ауданы «Бесағаш» мешітіне барып, ауыл  жастарымен «Рухани тәрбие ихсан ілімі» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізді. 

   Ихсан сөздік мағынасында – жақсылық жасау, қайырымдылық ету болса, ал, терминдік мағынада – Аллаға құлшылық етуде оны көрініп тұрғандай сезініп, бар ынта-ықыласпен орындау дегенді білдіреді.

"Ихсан – тақуалыққа тәрбиелейтін ілім Ал тақуалық дегенді қалай түсінеміз? Тақуалық сөзі «аз сөйлеу», «сақтау», «қорғау», «әдепсіз әдеттерден, зиянды нәрселерден аулақ болу» деген ұғымға саяды" - деп анықтама беріп өтті имам. Сонымен қатар жастардың сұрақтарына жауап берді.

Серік Нұркелді

 Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: