Тараз қалалық «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен көне «Әулие ата» шаһарының тазалығы жолында тер төгіп, еңбек етіп жүрген «Жасыл Ел-Тараз» қызметкерлеріне Рамазан айының мың айдан да хайырлы Қадір түніне орай 220 ауызашар пакеті тарту етілді.
Алла тағала қасиетті Құранда: «Кімде кім бір жақсылық жасаса, оған сол жақсылығы үшін он есе сауап жазылады» деп баян еткеніндей, Алланың разылығы жолында жақсылықтарды көптеп жасауға қолдан келгенше аянбаймыз.
Алла тағала елімізді ауру-сырқаудан аман етсін. Көк аспанның астында тәуелсіздігіміз қияметке дейін бақытты да баянды болсын.
"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі