Т. Рысқұлов ауданы Өрнек ауылының «Күнту ата» мешітінің имамы Көшеков Қанатжанның бастауымен 9 - мамыр жеңіс мейрамының қарсаңында Өрнек ауылдық əкімшілігі мен ақсақалдар алқасының мүшелері Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза болған бабаларымыздың рухына құран бағыштады.
Көпшілік дұға жасап, ескерткіштерге гүл шоқтарын қойды. Ағаларымыздың жасаған дұғаларын, ізгі ниеттерін Алла қабыл етсін!
Т. Рысқұлов аудандық мешітінің баспасөз қызметі