Англияда мұсылмандық мектеп ашылмақ

Англияда мұсылмандық мектеп ашылмақ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ұлыбританияның шығысындағы Ковентри қаласында ескі аурухананың орнына мұсылман қыздарға арнап жаңа мектеп тұрғызу жоспарлануда. Оның құрылысы үстіміздегі жылдың қыркүйек айынан басталады деп күтілуде. Себебі, келер 2015 жылы тамыз аяғын ала бере жаңа мектеп өз шәкірттеріне есігін ашуы тиіс.

Ковентридағы мұсылман қыздарының академиялық мектебі үкіметтен қаржыландырылып, жергілікті кеңеске тәуелді болмайды. Сондай-ақ, аталмыш оқу орны өзге мектептер секілді ақысыз болады.Бүгінде оқу орнының іргетасы қаланбай жатып-ақ ислам отбасылары тең жартысын алдын-ала иеленіп қойған. Десек те, аталған мұсылман қыздарына арналған оқу орнында басқа да діндерді ұстанатындарға білім алуға мүмкіндік беріледі.

Бұл Ковентри қаласындағы мұсылмандық 2-ші мектеп болып табылады. Ал, ең алғашқы ашылған оқу орны ақылы негізде білім беретін еді.

muftyat.kz

Материал ислам-today.ru сайтынан аударылды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: