Бас мүфти медресе директорларына қатаң талап қойды

Бас мүфти медресе директорларына қатаң талап қойды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін еліміз бойынша республикалық 9 медресе директорлары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлына атқарған жұмыстары жайлы есеп берді.

Басқосуды кіріспе сөзбен ашқан Бас мүфти шәкірттердің діни һәм дүниеуи білім сапасын көтеру, ақпараттық-технологиялық сауатын ашу, ұстаздардың тәжірибесін арттыру, медресеаралық интеллектуалды жарыстар ұйымдастыру, спорттық шараларды өткізу, жастарды оқуға тарту, т.б.мәселелер төңірегінде сөз қозғады.

«Қазір білім мен технологияның заманы. Шәкірттеріміз өзгелермен жақсылықта жарысуға дайын ба? Бәсекеге қаншалықты төтеп бере аламыз?Адамдармен тіл табысып, оларға көркем уағыз айтуда түлектердің ілімі қай дәрежеде? Біз осындай мәселелерге көбірек көңіл бөлуіміз керек? Әрине, медресе ұстау оңай шаруа емес. Алайда уақыт бізден сауаттылықты, алғырлықты, жұмысқа жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Сондықтан біз осыған дайын болуымыз керек. Осыны ұдайы ескерулеріңізді сұраймын », - деді Ержан қажы Малғажыұлы.

ҚМДБ төрағасы медресе жетекшілерінің есебін тыңдап, оқу-ағарту бағдарламасын жетілдіру жұмыстарына қатысты тиісті тапсырмалар берді.   

 www.muftyat.kz

http://muftyat.kz/upload/orig/news/820881_1396957319.jpg

http://muftyat.kz/upload/orig/news/731047_1396957353.jpg

http://muftyat.kz/upload/orig/news/281124_1396957372.jpg

http://muftyat.kz/upload/orig/news/929192_1396957369.jpg

http://muftyat.kz/upload/orig/news/782522_1396957358.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: