Қылмыс ұлт пен дін таңдамайтыны секілді ізгілік жолында да ешнәрсе кедергі бола алмайды. Бұл сөзімізге христиан жігіт ағасының етінен ет кесіп берген көзсіз мәрттігі мен жанын үзіп беруге бар шексіз мейірім-қайырымы дәлел бола алады. Ұстаздық етуден жалықпаған 53 жастағы ағылшын азаматы дерт меңдеп, өлімші халде жатқан өзінің 13 жастағы Әлия Ахмет Әлі есімді шәкіртіне бүйрегін берді. Яғни, донор болды. Осылайша, оқушысының өмірін сақтап қалды.
Шәкіртінің жиі сабаққа келмей қалуының себебін білгеннен кейін ол ойланып-толғанып жатпастан екінің бірінің қолынан келе бермейтін ерлік көрсетті.
Әлия туабітті гидроцефалиден кейде бүйрегі істемей қалады. Әрі осы сырқаттың себебінен ақыл-есінің кемістігінен де зардап шегетінін айта кету керек.